Жамбыл ауданында жаңа перзентхана ашылды

Malim Админ

  • 09.12.2020

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш кентінде жаңа перзентхана ашылды. Жыл сайын адам саны артып келе жатқан Алматы іргесіндегі аудан үшін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бұл бір ерекше сый болды. Бұл туралы Malim.kz сайты хабарлайды.

Аудан тұрғындарын қуантқан бұл игі шараға Алматы облысының басшысы Амандық ҒАББАСҰЛЫ БАТАЛОВ қатысты. Перзентханада бір аусымда жүз адамды қабылдайтын әйелдер консультациясы да бар екен. Нысанның құрылысына қазынадан 4,9 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ перзентханада жүз төсектік орын бар.

«Желтоқсан айы - мерекеге толы берекелі ай. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай бірқатар нысандарды іске қостық. Талдықорғанда студенттерге арналған жатақханалар, аудан, қала тұрғындарына жаңа үйлер салынып, пайдалануға берілді, басқа да әлеуметтік маңызды нысандар көптеп ашылуда. Бүгін, міне, Ұзынағашта жаңа перзентхананы іске қосып отырмыз. Елбасы мені әкім етіп тағайындағаннен кейін облыстағы өзекті деген бірқатар мәселелерді шешуге қолдау көрсету туралы ұсынысымды Үкіметке жеткізген едім. Сол қатарда осы Ұзынағаш ауылына жаңа перзентхана салу қажет деген ұсынысымыз қолдау тауып, республикалық бюджеттен 4,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Облыста жыл сайын 50 мыңдай бала өмірге келеді. Бұл біздің облыста демографиялық өсімнің жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан аудандық орталық аурухана жанынан ашылып отырған бұл мекеменің ана мен балаға қамқорлық жасаудағы, ұрпақ денсаулығын сақтаудағы маңызы ерекше. Елбасының алдымызға қойған міндеті де, Президенттің берген тапсырмасы да – тұрғындардың денсаулығын сақтап, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықтың сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету», - деді салтанатты жиында  өңір әкімі Амандық Баталов.  

Ауданда 169 мың адам бар. Былтыр төрт мың сәби дүниеге келсе, биыл бұл көрсеткі артып бес мыңға жетіпті. Бұрынғы перзентханада  елу бес орын болатын. Сонымен қатар, жаңа перзентханаға 1,9 млрд теңгеге озық медициналық жабдық-құралдар алыныпты.

«Ұзынағаш құдайға шүкір жыл сайын өсіп келеді. Халықтың өсімі жақсы. Іргедегі ауылдарымыз да өркендеп жатыр. Келіндер жағы қиналушы еді. Енді міне жақсы болды. Перзентханамыз үлкен. Дүниеге дені сау ұрпақ алып келуге жағдай жасалып жатыр. Елдің тұрмысын жақсарту үшін ана мен баланың бірінші қамқорлықта болу керек қой. Басшыларға рақмет айтамыз. Мына қуанышқа шашуымызды алып келіп қалдық», - дейді ұзынағаштық әжей Ұлболсын Қазиқызы Malim.kz сайтының тілшісіне.

Жаңа перзентханада ұжымның саны да екі есеге өскен. Яғни жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. Қазір бұл жерде 119 медициналық маман еңбек етіп жатыр. Ал бұған дейін қырық сегіз-ақ маман жұмыс жасап келген.

Перзентханада арнайы зертхана, оттегі станциясы мен ИВЛ апараттары да бар. Облыс әкімі ұжымға келген жас мамандарды барынша қолдау керектігін аудан басшылығына тапсырды.

«Жас мамандарды баспанамен қамту ісі тұрақты назарда болуы керек. Қажет болса, Ұзынағаштан арнайы жер бөліп, жас мамандар үшін тұрғын үйлер саламыз. Сосын перзентханада орнатылған әрбір жаңа медициналық аппараттармен жұмыс істеу машығын жетілдіру үшін медицина мамандарын біліктілігін көтеру курстарына, қажет болса шетелге де жіберіп үйретуіміз керек. 2021 жылға осы бағытта арнайы жоспар жасаңдар, қаржы бөлеміз. Пандемия кезінде біз көрдік қой дәрігерлердің еңбегін. Бала-шағаларын тастап, күндіз- түні осында жүрді. Сондықтан дәрігерлерге барлық жағдай жасау керек»,  - деді Амандық  Баталов.

Фото Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды. 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.