Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

Malim Админ

  • 01.07.2021

Маңғыстау мен Қызылордадағы қуаңшылық Жамбыл облысына да келді. Қазір аймақта жем-шөптің бағасы қымбаттап, мал азығын жинау мұңға айналған.

Тұрар Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының тұрғыны Марат Диханбаевтың сөзінше, биыл шөп былтырғымен салыстырғанда екі есеге қымбаттаған.

«Қазір оңтүстік өңірде күн шамадан тыс ыстық болып тұр. Мысалы, кеше бізде (Көгершін ауылында – ред) 42 градус ыстық болды. Салдарынан жер сарғайып кетті. Қыста қар, көтемде жаңбыр болды, оған өкпе жоқ. Бірақ көктемде түн салқын болды. Бұл шөпке де, егінге де кері әсерін тигізді. Былтыр жоңышқаның бір бауы ары кеткенде 900-1000 теңгенің айналасында болатын. Қазір ол 2000 теңгеге бірақ шықты. Баға неге қымбат десең, барлығы өз жағдайын айтады. Біреуі бензин қымбаттады десе, енді біреуі қуаңшылық қой дейді. Бағаны реттеп жатқан ешкім жоқ. Әкімдік шамасы келгенше жұмыс істеп жатыр. Бірақ кәсіпкерлерге олардың сөзі өтпейді», - дейді Диханбаев.

Марат Диханбаев қуаңшылық салдарынан ауданда шабатын шөп те жоғын айтады. Оның сөзінше, барлығы сарғайып кеткен.

«Қазір ауданда шабатын шөп те жоқ. Барлығы сарғайып кеткен. Қазір көршілес Меркі ауданында жағдай жақсы дейді. Шөпті сол жақтан алсақ па деп отырмыз. Жем-шөптің бағасы қазірдің өзінде қымбат болып тұр. Күзге қарай оның бағасы одан сайын шарықтайтын түрі бар. Биыл жағдай қиындау болайын деп тұр», - дейді Диханбаев.

Бұған дейін БАҚ-та Шу өзенінің арнасы тартылғанына байланысты Мойынқұм ауданында қуаңшылық болып, халық шөпті ауылдан 100-150 шақырым жерден тасуға мәжбүр екендігі жөнінде ақпарат тараған.

Жамбыл облысындағы төрт түлікті толығымен азықпен қамтамасыз ету үшін 1 миллион 712 мың тонна жем-шөп қажет. Бүгінге дейін оның тек 350 мың тоннасы ғана әзірленген.

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген