Жаңа адамдар: Құмар ойнаған қазақстандықтар соңғы үш айда 100  миллиард теңге ұтылған

Malim Админ

  • 14.03.2024

Қазақстандықтар құмар ойындарға өз денсаулығына қарағанда екі есе көп қаржы жұмсайды екен. Небәрі соңғы үш айдың ішінде Қазақстан азаматтары жүз миллиардқа жуық теңгеге ұтылып қалған. Соңғы бірнеше жылда елімізде құмар ойындар нарығы үш есеге дейін өсіп,  қоғамның басты әлеуметтік ауруларының бірі лудомания кең етек жайып жатыр. Лудомания отбасыларды бұзады, халықты перманентті экономикалық және тұлғалық кризиске ұшыратып, басқа да тәуелділік түрлеріне, атап айтқанда, маскүнемдік, есірткіге тәуелділік, селфхарманы қоздырып, өзін-өзі өлтіруге дейін алып келеді.

Адамдар оңай жолмен байып кететініне сенгісі келеді. Сондағысы, "сәтті түседі" деген бір ойын. Букмекерлер халықтың осы қалауын өз мақсатына пайдалануға тырысады. Яғни, тез ұтыс және сансыз ақша уәделерімен өзіне тартады, ұтыс тігудің зияндарын айтпай, тек әлеуетті артықшылықтарын алға тартады. Бұл - әділетсіздік. Жай ғана алдау.

Жаңа адамдардың "Ставки на стоп" жобасы Астанадағы танымал букмекер кеңсесінің жарнамалық баннерін құмар ойындарының барлық көрінісін ашатын өздерінің «шындық баннерімен» жауып тастады. Статистика бойынша, құмар ойынға тәуелді адамдардың 40% отбасынан айрылса, 20% түрлі қылмыстар жасауға барады. Әдеттегі құмар ойыншының орта есеппен қарызы 10 миллион теңгені құрайды. Букмекер кеңселерінің шынайы жарнамасы осылай болу керек.

Ғарифоллаев Мейіржан, Жаңа адамдар белсендісі:

Қазір елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеу туралы заң талқыланып жатқанын білеміз. Осы алдаумен бар күшімізбен күресіп, адамдарды бұл қауіпті тәуелділіктен алып шығу маңызды. Бір нәрсені түсінуіміз керек: букмекерлік кеңселердің қулығына түсіп қалмау үшін тез әрі оңай жолмен келетін ақшаға сенуді тоқтату керек. Байлыққа жетудің оңай жолы жоқ. Біздің өзіндік шығармашылығымыз, еңбексүйгіштік пен прагматизм - міне нағыз байлыққа жету жолдары. Шындыққа тура қарай білейік. Букмекерлердің құрығына түспеудің жалғыз жолы - оңай шешімдерге сенуді тоқтату.

 

Байланысты жаналықтар

Шымкенттегі ауқымды сенбілікте 8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

26.10.2024

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды

13.10.2024

Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

04.08.2024

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасып жатыр

02.08.2024

«Қазақстан - бар ғұмырым!» Астанада Жаңа адамдардың Бірінші жастар Конвенті басталды

13.07.2024

БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

12.07.2024
MalimBlocks
Шымкенттегі ауқымды сенбілікте 8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі – Мүмкіндігі шектеулі жандар күні

Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» ұлттық онкүндік басталды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасып жатыр

Акцияның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны өзгерту, таза және әдемі ету.

«Қазақстан - бар ғұмырым!» Астанада Жаңа адамдардың Бірінші жастар Конвенті басталды

13 шілдеде Астанада «EXPO» алаңында Жаңа адамдар жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвенті басталды.

БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

Бұл іс-шаралар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етпек.