Жер сілкінісінен ғимарат зақымданса, қайда бару керек - Алматы әкімдігі түсіндірді  

Әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

Malim Админ

  • 14.03.2024

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимараттың зақымдағаны анықталған жағдайда кімдерге жүгіну керек екенін айтты. 

Әкімдіктің мәліметінше, аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен тұратын комиссия тобы жұмыс істейді.

  • Құрылысқа қандай да бір зақым келген жағдайда қала тұрғындары фотоматериалдарымен қоса аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет.
  • Бұдан әрі Комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа көшпелі тексеру жүргізеді. Яғни, олар тірек құрылымдарының бұзылуына дәлел ме, әлде төбе, сылақ, плитка және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысын анықтайды.
  • Аудандық комиссиялардың барлық материалы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасында жинақталады.
  • Содан кейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ҚазҚСҒЗИ) жіберіледі.
  • Өз кезегінде ҚазҚСҒЗИ мамандары белгілі бір объектінің зақымдану себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді.

Жөндеу жұмысын қаржыландыруға қатысты айтылар болса, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда барлық жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

Ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақымдар анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары кондоминиум не құрылыс салушы есебінен жүргізілуі тиіс (салдарды жою кезінде жедел тексеру қорытындысының нәтижесі бойынша айқындалады).

Фото: ©Айжан Тугельбаева

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды