Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жергілікті өнімді қолдау керек

Сұқбат
Жергілікті өнімді қолдау керек

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тассай» индустриалды аймағына барып, ондағы дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұл зауыт жылына 300 дана дизельді генератор өндіріп келеді. Оның 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстанға экспортталады. Былтыр ғана ашылған, құрылысына 300 млн теңге жұмсалған бұл мекемеде  қазір 30 адам тұрақты жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан  жер алған кәсіпорын генератордан бөлек  альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіреді.

Зауыт жұмысымен танысқан қала әкімі жұмысшыларды және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер – ауруханалар мен мектептер отандық дизельді генераторды тұтыну қажет деп, сала басышыларына  тапсырма берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу