Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды
Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды. Жомарт Ертаевтың дүние-мүлкі тәркіленетін болып, 11 жылға сотталды. Сот Ертаевқа Bank RBK -дан 114 миллиард теңге жымқырған деп өкім кесті. Сотталушыға 10 жыл бойы банк және қаржылай қызмет етуге тиым салынды.
Мемлекеттік айыптаушы, яғни, прокуратура соттан Ертаевты 11 жыл түрмеге қамауға сұраған болатын. Прокуратура экс-банкирдің біреудің ірі көлемдегі дүние-мүлкін заңсыз иемденіп алғанын айғақтағанымен, оның кінәсін мойындап, зардап шегушілерден кешірім сұрағанын назарға алуды айтқан еді.
RBK банкін тонау мен талан-таржыға салу ісінде Жомарт Ертаевтан өзге 36 адам істі болып жатыр. Олардың арасында банкрот болып танылған Qazaq banki -нің бұрынғы ірі акционері және директорлар кеңесінің экс-төрағасы, ақпарат құралдары Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы Бақыт Ибрагим де бар. RBK банк дауы бастала салғанда Жомарт Ертаев Мәскеуге қашып кетіп, 2018 жылы сол қалада ұсталған еді. Мәскеуде қашқында жүрген жерінде ол елдегі орыстілділердің мүддесін көтергені үшін саяси қуғын-сүргінге түскенін мәлімдеген еді.
Судья осы іс бойынша сотқа тартылған өзге айыпталушыларға да сот үкімін оқыды. Алайда процесс онлайн өткендіктен, олардың қандай жазаға тартылғанын есту мүмкін болмады. Өзге сотталушылар, оның ішінде Бақыт Ибрагимнің қанша жылға сотталғаны кешірек жарияланатын болады.
Айта кетерлігі, Жомарт Ертаевқа қатысты тағы да бір сот отырысы өтіп жатыр. Ол жерде экс-банкирден зардап шегушілердің арасында Bank RBK, Qazaq Banki және Еуразия банкісі бар.