Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды

БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған

Malim Админ

  • 28.02.2023

Өткен жылдың соңынан бері журналистерге жасалған шабуылдар көбейгені белгілі. Президент осыған орай құқық қорғау органдарына мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Соған байланысты таяуда журналистер мен блогерлерге қарсы заңсыз әрекеттер жасаған 18 адам ұсталған еді.

Ел Президенті бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс екенін баса айтқаны белгілі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, енді тапсырыс берушілер де анықтала бастады.

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті.

«Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді телеграмм-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді», – делінген ІІМ ақпаратында.

Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған арандатушымен бірге түпкі тапсырыс берушілер де жақын арада анықталады деп сенеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тергеу барысын жіті назарда ұстайды»,- деді Д.Қыдырәлі. 

Байланысты жаналықтар

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

07.05.2025

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

26.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

"Қылмыскерді ұстауға жүргізуші көмектесті": Берденовке жасалған шабуылдың мән-жайы айтылды

23.04.2025

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

15.04.2025
MalimBlocks
"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

"Қылмыскерді ұстауға жүргізуші көмектесті": Берденовке жасалған шабуылдың мән-жайы айтылды

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылдың егжей-тегжейін айтты

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

Тележүргізуші ел күтпеген мәлімдеме жасады.