Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сочиге ұшпақшы болған мас әйел қамауға алынды

Құқық
Сочиге ұшпақшы болған мас әйел қамауға алынды

Халықаралық әуе рейсінің мас жолаушысы тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Сочи бағытындағы әуе рейсінің 29 жастағы жолаушысын ұстаған. Әйел кісі әуе рейсіне отырғызу кезінде мас күйде болып, өзін дөрекі ұстап, әуе компаниясы қызметкерлерін балағаттап, ескертулерге құлақ аспаған. Ол сондай-ақ, полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.

Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады, деп жазылған полиция хабарламасында.

Айта кету керек, бұл азаматша бұған дейін бір жыл ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу