457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

19 қарашада телеарна және радиохабар тарату тоқтатылады

19 қарашада телеарналарда хабар тарату тоқтатылады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме беріп.

Ведомствоның мәліметінше, сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген "Қазтелерадио" АҚ хабарында.