314 млн теңге. «Барыс» хоккейшілерінің жалақысы белгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 13.09.2024

Елорданың «Барыс» хоккей клубының жаңа маусымдағы ойыншыларының жалақысы белгілі болды. Ресейлік «Спорт Экспресс» басылымының жазуынша, ең жоғары жалақы канадалық Уилл Бутчер мен Майкл Маклаудқа тиесілі, деп хабарлайды Malim.kz.

Канадалық қос ойыншы «Барыстың» қалтасын қағатын ең қымбат хоккейшілер. Оларға бір маусымда 60 миллион рубль, біздің ақшамен 314, 9 миллион теңге жалақы төленеді.   

Дамир Жафяров пен Антон Бурдасов бір маусымда 50 және 40 миллион рубль (262,4 және 209,9 млн теңге) алады.

Легионерлерді есепке алмағанда, қазақстандықтардан ең жоғары Кирилл Савицкийге тиесілі. Ол бір маусымда 125,9 миллион теңгені санап алып отыр. Одан кейін 110,2 миллион теңге жалақымен Роман Старченко тұр. Ал үздік үштікті Кирилл Панюков аяқтады. Оның жалақысы 104,9 миллион теңге қорытындылады.

Ең жалақысы төмен – Батырлан Мұратов. Ол бір маусымда 6 миллион рубль (31,4 млн теңге) алады. 

Еске салсақ, бұл сомаға хоккейшілерге берілетін бонустар кірмейді, бұл спортшыларға негізгі жалақысы ретінде беріледі.

Фото: “Барыс” ХК

Байланысты жаналықтар

Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

13.05.2025

Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионы атанды

12.05.2025

Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан 9 медаль жеңіп алды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан 9 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады