«Ақшалай жарысты естіп атып шықты». Рыбакина мен Путинцеваның Олимпиададан кейін жазылып кетуі жанкүйерлердің ашуын тудырды
Халық теннисшілерге ренжулі
Париж Олимпиадасының жеребесі тартылған соң, бірінен соң бірі бас тартқан Қазақстанның легионер теннисшілері бой көрсете бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Франция астанасындағы Олимпиадада ел намысын қорғаудан бас тартқан Елена Рыбакина ауруынан жазылған. Сол кезде ресми түрде теннис федерациясы бронхит болды деп хабарлаған.
Енді Юлия Путинцева екеуі АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирге қатысады. Турнир АҚШ-тың Цинциннати қаласында 13-19 тамыз аралығында WTA-1000 санаты бойынша өтеді. Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 42-орындағы қытайлық Юэ Юанның қай жеңгенімен кездеседі.
Юлия Путинцева алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен жолығады.
Бұл US Open жарысының алдындағы соңғы сайыс. Цинциннати мен «Үлкен дулыға» жарысының арасында бір апта. Сондықтан топ-теннисшілер түгелімен Цинциннатиға қатысады.
Желіде Рыбакина мен Путинцева қатты сын әлі де жалғасып жатыр. Өйткені ұлттық құрама намысын қорғап, Олимпиададан қалуы, оның үстіне легионер-спортшы болуы көпшіліктің көңілін қалдырған.
«Бірінші айналымнан жеңіліп қалсын», «Олимпиада бітті. олар жазылып кетті», «Джокович Олимпиадаға қатысып чемпион атанды, ал біздікілерге ақша мен рейтинг керек. Айырмашылығы осы», «Қазақстан халқы сендерді қолдамайды», «Кетсін», «Халықтың сенімін жоғалтқан келімсектердің қажеті шамалы, ақшалай жарысқа шауып шығатына күмән болған жоқ», «Легионерлер мен федерацияда ұят жоқ», «Ауырып жатқандар жазылып кетті», - деген пікірлер өте көп.
Фото: ©WTA