Әселханның соңғы өлеңі: "Сексеннен асырып , шаршатпа бірақта"

Халық ақыны Әселхан Қалыбекованың әлеуметтік желіде жариялаған соңғы өлеңі

Malim Админ

  • 05.07.2021

Жамандық, тіліңе шоқ түскір,

Бір жылың бір күндей өтті ұшқыр.

Карантин, қараң күн бітсін деп жүргенде,

Жетпісім айналып, жетіпті жетпіс бір.

 

Жетпіс бір хош келдің, сенде бір дәуірсің,

Не жазбақ, не обал қаламға қауырсын.

Бақ құмар, таққұмар әулекі мінезің,

Қазағым, басыңа түсірді ауыр сын.

 

Жетпіс жыл бодандық шірітті кендірді,

Отыз жыл еркіндік шайқады мөлдірді.

Тойымсыз бәтуа, өзімшіл рәсуә,

Орынсыз тірліктің оңбасын ел білді.

 

Жеті жұт енгендей жиырып арқаны,

Бетіңді тұмшала, бөлек іш сорпаны.

Жан-жақтан жөйттер жеріңе анталап,

Көзіңе құм шашып, төзімді сарқады.

 

Кеудемді ашытып өртейді бір жалын,

Өзіңе бұйырмай шашылды қырманың.

Шымырлап шындықтың шығыры айналса,

Суық қол байланса, ар-намыс бойды алса ырзамын.

 

Қырықтан асқанда жайнамаз, тәспі алдым,

Жұлдызбен жамырап, әппақ Ай жастандым.

Рамазан әр келгенде әлдидей еркелеп,

Қадір түн, Құдайға жеткендей шаттандым.

 

Я, Алла, я, жұртым, жарытқан тұраққа,

Асығар түрім жоқ шақырса жұмаққа.

Өлең бар, өмір бар, тәуекел тәубам бар,

Сексеннен асырып , шаршатпа бірақта.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды