«Біләл, келсей айналайын!» Шавхат жекпе-жектен кейін негізгі қарсыласын рингке шақырды
Nomad ирландиялық қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді
Шавхат Рахмонов UFC 310 турнирінде қарсыласы ирландиялық файтер Иан Машадо Гэрриді жеңгеннен кейін сөз алып, негізгі қарсыласы Біләл Мұхаммедті рингке шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жерлесіміздің бүгінгі жекпе-жегін тамашалаған UFC-дің көптеген жұлдызының арасында жартылай орта салмақта көш бастап тұрған Біләл Мұхаммед те болған. Ол тор ішіне кіріп, қазақстандық спортшымен көз түйістірді.
Айта кетейік, бұған дейін Шавхат Рахмонов Иан Гэрри емес, Біләл Мұхаммедпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыздың UFC жартылай орта салмақта уақытша чемпион атанғанын жаздық.
Фото: ufc