Елена Рыбакина рейтингіде төмен сырғыды
Қазақстандық теннисші төрттіктен шығып қалды.
WTA әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төмен сырғыды.
Алғашқы үштік өзгеріссіз: польшалық Ига Швентек көш бастап тұрса, белорус теннисшісі Арина Соболенко – екінші, ал үшінші орында Джессика Пигула тұр. Ал бұған дейін төртінші сатыда болған Рыбакинаның орнын американдық Кори Гауфф басты. Енді еліміздің үздік теннисшісі алғашқы бестікті түйіндеп тұр.
Сонымен қатар қазақстандық Юлия Путинцева да өз орнын жоғалтқан. Ол үш сатыға төмендеп, 35-орынға жайғасты. Есесіне Анна Данилина жағдайын жақсартты. Жұптық сында Анна үш саты көтеріліп, 31-орынға тұрақтады.
Фото: Фото: Robert Prange/Getty Images