Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Сұлу Бөлек

  • 12.04.2025

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Ulyssport-ке сілтеме жасап. 

350 миллион еуро теңгеге шаққанда 205 миллиард 51 миллион теңге. 

Португалия маркетинг институтының зерттеуіне сәйкес, Роналдудың табысы "Әл-Насрдағы " жылдық жалақысы – 200 миллион еуро және Nike, Tag Heuer, Louis Vuitton сияқты ірі брендтермен жарнамалық келісімшарттардан түсетін 150 миллион еуро табыс табады.

Бұған қоса, футболшы өз кәсібін де дөңгелетіп жатыр. Ол киім, ішкиім, аяқкиім мен парфюмерия брендтерімен айналысады. Сонымен қатар ол фарфор, керамика мен сағат өндірісіне инвестиция салған және әлемнің әр түкпірінде элиталық жылжымайтын мүліктері бар.

Институттың мәліметінше, Роналдудың аты-жөні жылына жаңалықтарда 22,3 миллион рет кездеседі, ал Google жүйесінде оның есімі жыл сайын кемінде 187 миллион рет ізделеді.

Сондай-ақ, академиялық ортада да оның аты жиі айтылады: футболшы туралы 60 мыңнан астам ғылыми мақала, оның ішінде 4 000 кітап жарық көрген. Әлеуметтік желілерде Роналду – YouTube-тағы ең танымал спортшы, оның 74 миллион оқырманы бар. Жалпы алғанда, оның әлеуметтік желілердегі аудиториясы 1 миллиард адамнан асады.

Фото: sports.kz

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

27.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді