Көлік, коттедж: Өзбекстан Парижде атой салған спортшыларын қалай марапаттады

Өзбекстан Парижде 13-орын алды.

Сабина Асқарқызы

  • 13.08.2024

Бокстан Өзбекстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында тарих жаңартып, жеті боксшысының бесеуі алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек өзге спорт түрлерінен тағы үш алтын еншіледі. Осы орайда өзбектер Парижде атой салған саңлақтарын бар сән-салтанатымен күтіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ташкентте өткен марапаттау рәсімінде чемпион және жүлдегер атанған спортшылардың барлығына ақшалай сыйақы, пәтер мен көлік сыйға берілді.

Алтын алған спортшылар 200 мың АҚШ доллары, Tahoe көлігі және екі қабатты коттеджге иелік етті.

Күміс жүлдегерлер 100 мың АҚШ долларын, BYD Song Plus EV Champion көлігін және пәтер алды.

Қола жүлдегерлерге 50 мың АҚШ долларынан бөлек BYD Song Plus DM-i Champion көлігі мен пәтер берілді.

Өзбекстан Париж олимпиадасының қорытындысы бойынша сегіз алтын, екі күміс және үш қола медальмен 13-орынға тұрақтады.

Алтын медальді Хасанбой Дусматов 51 килограмм), Абдумалик Халоков (57), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71), Лазизбек Муллажонов (92) және Баходир Джалолов (92+) секілді боксшылармен қатар дзюдошы Диера Келдиерова, таеквондошы Улугбек Рашитов және еркін күрес балуаны Разамбек Жамалов еншіледі.

Фото: instagram.com/boxinguzbekistan_official

Байланысты жаналықтар

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025
MalimBlocks
Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды