Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Министр Перизат Қайраттың пара үстел теннисі федерациясына қалай келгенін айтты

Спорт
Министр Перизат Қайраттың пара үстел теннисі федерациясына қалай келгенін айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қомақты ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынған Перизат Қайраттың пара үстел теннисі федерациясының президенті лауазымына қалай тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министр өз сөзінде президентті тағайындау федерацияның ішкі жұмысы екенін алға тартты.

Перизат Қайрат бойынша, бұл – федерацияның ішкі жұмысы, сол кезде тағайындалған. Қазір ол кісі қызметте жоқ. Қазір федерацияның ішкі жұмыстарын бір із арқылы басқару процесі жүріп жатыр. Федерацияларға талап қойылып жатыр, халықаралық ареналарда, елдің ішінде жұмыс істеуіне талап қоямыз, - дейді министр Ербол Мырзабосынов.

Естеріңізде болса, танымал блогер, пара үстел федерациясының президенті Перизат Қайрат су тасқынына қарсы халықтан жиналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп, 14 қараша күні қамауға алынған. Ал ертеңінде аталмыш федерация Перизат Қайраттың қызметінен қуылғанын хабарлады. 

Фото:  instagram.com/01pk

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу