Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды

Арман Қайыпхан

  • 21.04.2025

Мысыр астанасы Каирде  жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетейік, бұл санаттағы бәсекеге әр салмақтағы әлем рейтингінің таңдаулы 32 каратэшісі ғана шақырту алады.

Бұл жолы қоржынға 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. Мөлдір Жаңбырбай 50 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл - оның Париждегі қоласы мен Ханчжоу Премьер-лигасындағы күмісінен кейінгі 3-медалі. 

Ал Әсел Қанай (-61 кг) ақтық сында Украина спортшысынан жеңіліп қалды. Түркістандық спортшы қыста Парижде күміс, ал Ханчжоуда қолаға ие болған. 

Сондай-ақ Айжан Бәкірова (-61 кг), Софья Берульцева (+68 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) қола медаль үшін айқасты. Алайда спортшыларымыз соңғы сәтте жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Осы алтынның арқасында Мөлдір жылдың үздік каратэшісіне берілетін Grand Winner сыйлығына қол созым жерде тұр. Енді жылдың шешуші Премьер-лига бәсекесі мамырдың аяғында Марокконың Рабат қаласында өтеді. Жаңбырбай сол сында кем дегенде топтық кезеңнен шықса, екінші жыл қатарынан аталған сыйлыққа қол жеткізді. 

Айта кетейік, Мысырдағы жарыста барлығы 68 елден 383 спортшы күш сынасты. Оның ішінде Ұлттық құрама каратэшілерінің саны - 13.

Фото: Спорт комитеті

Байланысты жаналықтар

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025
MalimBlocks
Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады