Париж Олимпиадасының төрешілер құрамына екі қазақстандық кірді
Олар теннис жарысына төрелік етеді
Париж олимпиадасының теннистен төрешілер құрамына Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, Меруерт пен Юлия күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі төрешілер.
Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында теннистен Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ, жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.
Фото: ҰОК