«Қазақша айтасыз ба, түсінбей жатырмын». Қазақстандық дзюдошы сұрақты қазақша қоюды сұрады

Ол Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Malim Админ

  • 12.05.2024

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірахмановтың орысша сұрақты түсінбей, қазақшалап қоюын сұрады. Оның бұл сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Астанада өткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінде 73 келіде белдескен еді. Жарыстың екінші күнінде татамиге шыққан ол қола жүлде жеңіп алды. Белдесуден соң балуан тілшілер сұрағына жауап беруге шыққан сәтте орысша сұрақты түсінбейтінін айтып, қазақшалап қоюды сұрады. Сөйтіп, тілшінің сұрағын қасындағылар ана тілімізге аударып беруге мәжбүр болды.

@jud.o2022team0

Қазспорттың орыстілді Қазақ журналисі Бақытжанға орысша сұрақ қойды. Бақытжан оған "орысша түсінбеймін, Қазақша айт, орысша түсінбеймін" деп кесіп айтты. Спортшылар Қазақ тілі үшін де күресіп жүр #QazaqstanBarysyGS #judo

♬ original sound - Judo_World

Айта кетейік, ол жарыс жолында әуелі ирландиялық Джошуа Гринді жеңген еді. Екінші күнгі белдесулерде Франция, Монтенегро және Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түсті. Ал ширек финалда осы салмақтағы көшбасшылардың бірі, Үлкен дулыға турнирін 4 рет ұтып алған Махмадбек Махмадбековті (AIN) де айқын басымдықпен ұтты. Тек жартылай финалда ғана ресейлік дзюдошыға есе жіберді.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды