Сметовті қапы қалдырды. «Жылдың үздік дзюдошысы» анықталды

Барлық үміткер Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль иеленген

Malim Админ

  • 04.02.2025

Әзербайжандық Хидаят Гейдаров Халықаралық дзюдо федерациясының "Жылдың үздік дзюдошысы " номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Malim.kz. 

IJF-тің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, аталған санаттағы үш финалист қатарында грузин спортшысы Лаша Бекаури мен қазақстандық Елдос Сметов те бар.

Барлық үміткерлер Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль иеленген.

Нәтижесінде Қарағандыда дүниеге келген, бірақ ертеректе отбасымен Бакуге көшіп кеткен Гейдаров жеңіске жетті. Марапаттау рәсімі Парижде Қазақстан құрамасы жіберіп алған Grand Slam сериясының турнирі аясында өтті.

2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль алған канадалық Криста Дегучи қыздар арасындағы "Жылдың үздік дзюдошысы" деп танылды. Жылдың үздік иппоны сыйлығы француз Тедди Ринерге бұйырды.  

Фото:  Reuters   

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks