Соңғы 30 жылда елдегі БАҚ саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді

Malim Админ

  • 24.06.2021

Тәуелсіздік жылдарында елдегі ақпарат құралдарының саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында айтты.

«Осы сәтті пайдаланып журналистер қауымы мен барша ақпарат саласының мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мемлекетімізге өткен отандық медиа саласы да жаңару, даму кезеңінен өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде тек 407 ақпарат құралы, соның ішінде екі телеарна ғана болса, қазір олардың саны 4,5 мыңнан асты. Бір ғана «Qazaqstan» ұлттық арнасы бүгінде құрамына 5 республикалық, 14 өңірлік телеарна, 4 радио енетін үлкен ұлттық корпорацияға айналды», - деді министр. Ведомство басшысы ақпарат құралдарының санымен бірге сапасы да артқанын атады. «Ұлттық медиа тарихында тұғыш рет балалар арнасы Balapan, спорт арнасы QazSport, көрермендерің көзайымы болып отырған Abai арнасы іске қосылды. Тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар-24», 10 миллионға жуық көрермені бар «El Arna «, әлемнің 120-дан астам еліне хабар тарататын Qazaq.tv бар «Хабар» агенттігі – бүгін ең ірі медиаорталық. Жалпы ел аумағында қазіргі таңда 184 телеарна, 79 радио, 790 ақпараттық агенттік бар», - деді Аида Балаева.

Дереккөз: inform.kz
 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды