«Шымбұлақ» үздіктердің үздігі атанды

«Шымбұлақ» тау курорты - Ski business awards нұсқасы бойынша 2023 үздік тау шаңғысы курорты атанды

Айбек Ережеп

  • 16.10.2023

Сочидегі «Красная Поляна» курортында бір апта бойы мыңнан астам инвестор, бизнесмен, тау шаңғысы кешендерінің, туристік нысандардың, қонақ үйлердің майталмандары бас қосып,  форум өткізді. Осы жиында көпшіліктің таңдауымен SKI BUSINESS AWARDS 2023 нұсқасы бойынша «Шымбұлақ» таулы курорты «Үздік тау шаңғысы курорты» атанды.

Үздіктер қатарынан үздік атану әлбетте оңай емес. Дегенмен, курорт білгірлері мен майталмандары «Шымбұлақты» қолдап дауыс бергенде басты назарды курорттың қауіпсіздігі мен жайлылығы, қызметтің сапасына қарап таңдау жасаған.

Сондай-ақ, бұл форумның басты жаңалығы туристік сала сарапшылары кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, туризм нарығындағы жаңа форматтарды талқылаған.

«Өткен форум өте жарқын әсер қалдырды. Біздің тау курортының ТМД-ның 200 курорты арасында беделді «Үздік тау курорты» марапатын алуы - бұл құрметті атақтан гөрі артық. Бұл біздің еңбегіміз бен іске адалдығымыздың әлемдік деңгейде бағаланғанының дәлелі. Бұл марапат «Шымбұлақ» мәртебесін арттырып қана қоймай, Қазақстанның тау туризмі саласындағы әлеуетіне баса назар аударады. Ол бүкіл біздің команда үшін Қазақстанның әлемдік туристік аренадағы позициясын нығайта отырып, жұмысты жалғастыруға ынталандырады. Біз Алматыда және жалпы Қазақстанда туризмді ілгерілете отырып, жауапкершілік пен мақтанышты сезінеміз», - деп атап өтті «Шымбұлақ» ТК бас директоры Абдрахманов Ринат.

«Шымбұлақ» таулы курорты жыл сайын серпінді дамып келе жатыр.  Былтыр «Шымбұлақ» әлемдегі ең биік тау шаңғысы трассасы ретінде Гиннесс рекордын орнатқан да болатын ( беткейдің биіктігі - 3200 метр, ал ұзындығы - 3 640 метр).

Бүгінгі таңда «Шымбұлақ» таулы курортында халықаралық стандарттарға сай заманауи инфрақұрылым бар. Жыл сайын 1,2 миллионнан астам келушіге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ірі халықаралық спорт жарыстарын өткізіп келеді.

(Басты беттегі фото: https://olympic.kz/)

Байланысты жаналықтар

"Шымбұлақ" мерейтойлық маусымын ашады

22.12.2023
MalimBlocks
"Шымбұлақ" мерейтойлық маусымын ашады

"Шымбұлақ" осы сенбі - 2023 жылғы 23 желтоқсанда мерейтойлық маусым басталатынын хабарлайды. Курорттың ашылғанына 70 жыл!