Шымбұлақтағы жаз. Қар мен шаңғысыз да көңілді курорт

Қысы-жазы қызығы тарқамайтын Шымбұлақ...

  • 21.06.2022

Шымбұлақ десе шаңғы еске түседі. Бірақ, жылдың төрт мезгілі бір күн кешікпей жүретін Алматы климаты үшін шаңғымен ғана айналысу жеткіліксіз. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты да соңғы жылдары жазғы спорт түрлері мен демалыс аймақтарын ұлғайтып жатыр.

Бірқатар журналистер қауымы атақты курорттың жазғы белсенділігіне арналған баспасөз конференциясында қазіргі (жазғы) Шымбұлақ туралы ақпарат алып қана қоймай, көзбен көріп, көңіл көтеріп қайтуға мүмкіндік алды.

«Шымбұлақ тек қана қысқы спорт түрлері үшін арналған  деген стереотиптерге қарамастан, шын мәнінде, тау шаңғысы мен сноубордтан басқа курорт қонақтарға жазғы кезеңде де көптеген ойын-сауық ұсынады. Мысалы: байк-парк, жаңа арқан саябағы, жаяу серуендеу жолдары, атпен серуендеу, парапланмен ұшу, квадроциклмен сапарлар, Gorilla Zipline, балалар үшін Kids lab жұмыс жасайды, сондай-ақ маусым айының басында балаларға арналған El Kiddo Шымбұлақ тау лагері ашылды, онда балалар демалыстарын белсенді, көңілді және пайдалы өткізе алады. Осы себепті, Shymbulak Mountain Resort өзін тау шаңғысы курорты ретінде емес, көп профильді форматтағы тау курорты ретінде көрсетеді», - дейді курорт басшылығы.

Шымбұлаққа қыстың өзінде тек шаңғы тебушілер келеді деген де қате. Шындығына келгенде шаңғы — адамдардың курортқа келу себебінің азғантай ғана бөлігі. Көбіне адамдар таңертеңнен кешке дейін шаңғымен сырғанау үшін емес, тау жоталарындағы атмосфера үшін келеді. Олар жаңа нәрселерді көргісі келеді,сонымен қазіргі таңда адамдарда тауға шығуға қызығушылықғы артып келеді.

Тау-шаңғы курорты әкімшілігі ұсынған мәлімет бойынша, 2021-2022 жылдардағы тау шаңғысы маусымында қысқы спорт әуесқойларының үлесі 44%-ды құраса, таулардың емдік қуатымен қуатталғысы келетін келушілердің үлесі 56%-ды пайызды құраған. Яғни, шаңғышыдан жай демалушылар көп.

SKIJ Kazakhstan халықаралық клубының журналистеріне арнап ұйымдастырылған экскурсияда: Gorilla Zipline аттракционынан түсу, арқан саябағының барлық күрделілік деңгейінен өту және денсаулық жолымен серуендеу. Содан кейін журналистер жазғы уақыттағы барлық іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі презентациямен баспасөз конференциясына қатысты.

SKIJ Kazakhstan журналистері көп жылдан бері «Шымбұлақ» ТК-мен белсенді әріптестік орнатып келеді. International Ski Club of Journalists – беделді халықаралық шаңғышылар журналистер клубы 1951 жылы құрылған және қазіргі уақытта 42 елдің журналистерін біріктіреді. Ал Қазақстандық SCIJ клубы 2012 жылы құрылды және 2013 жылы SCI халықаралық ұйымына ресми қабылданды. 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

14.05.2023

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

10.05.2023

Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

10.05.2023

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

10.05.2023

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

28.04.2023

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

28.04.2023
MalimBlocks
Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады

Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

Бұған дейінгі үш күнде күрескен балуандардың нәтижесі аса мәз емес

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

Дохада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан Ұлттық командасы толық құрамда барған болатын. Алайда әлем біріншілігі ортасына таяғанына қарамастан үкілеп аттандырған татами шеберлері әлі жүлдеге қол жеткізген жоқ

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

Ақжүрек Таңатаров Тоқаевқа өңірдегі спорт саласындағы жемқорлық туралы айтты

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді