Тәуелсіздікті қадірлеу тарихты қадірлеуден басталады

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық–драма театры тұңғыш рет «Бопай ханым» тарихи трагедиясы сахнаға шығарды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 20.05.2021

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Тәңірдің берген тәбәрігіндей жүрек түбінде ескіртпей сақтауымыз тиіс ұлы қасиет сияқты. Ол қасиет елсүйгіш, отансүйгіш мінезімізден танбау. Аттамау. Қадірлеу.

Тәуелсіздікті қадірлеу – тарихты құрметтеуден басталады. Өткенге салауат айта отырып, ертеңіңді де бағамдап, бүгініңді бағалап үйренесің. Соның жоралғысы ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық–драма театры тұңғыш рет «Бопай ханым» тарихи трагедиясы сахнаға шығарды. Жаңа ғимаратқа көшіп, еңсесін тік көтерген театр ұжымы көрермендерін де жаңа қойылымдармен қызықтырып отыр.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық–драма театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев «Бопай ханым» театрдың жаңа ғимаратқа көшкелі бері қойылған екінші премьерасы екенін айтты.

«Театрымызда тарихи сәт. Көптен күткен жаңа ғимаратқа қол жеткізіп, үлкен-үлкен шығармаларды қоя бастадық. Бұл өнер жанашырларына көрсетілген құрмет. Пандемия кезінде әлемде түрлі мәдени ошақтар, рухани орталықтар жабылып жатқан кезде, біз үлкен ғимаратқа ие болып отырмыз, осы да лкен жетістіктердің бірі деп ойлаймын. Ғимаратқа келгенімізге 6 айдай уақыт болды. Бүгін көрерменге жол тартатын «Бопай ханым» қойылымы екінші премьерамыз. Алғашқы премьерамыз - «Құнанбай» болды», - деді Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық–драма театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев.

Ернар Жұматаев «Бопай ханым» қойылымының өзгеше, жанры мен стилистикасы жағынан ешқандай қойылымға ұқсамайтынын тілге тиек етіп, драма авторы белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова қойылымды тетарға сыйға беренін атап өтті. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық–драма театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев Роза Мұқанованың шығармашылығын халық жақсы көретінін, бұл қойылымды да жылы қабылдайтынан күмәнім жоқ дегенді айтты.

«Бопай ханым» пьесасының авторы, жазушы-драматург, «Абай» атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи тұлғалардың әдеби образын жасау керек деген сөзі қаламгерлерге шабыт сыйлағанын айтты.

«Бопай ханым» - үлкен жоба, шығармаңның осындай әлемдік деңгейдегі үлкен ғимаратта қойылуы, Қуанышбаев театрының әртістерімен, шетелден оқу бітіріп келген жас режиссер Жұлдызбекпен жұмыс істеу маған қуаныш сыйлады. Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деген еді: «Қазақтың тарихын өзге ұлт жасап бермейді. Біздің жабулы жатқан тарихымыз ашылуы керек. Енді тарихи тұлғаларамыздың тарихи деректерін, құпиясын, ерлітерін жазумен тарихшылар айналысуы керек. Ал, қаламгерлер үлкен тарихи-әдеби шығармаларды әкелумен жұмыстануы қажет», - деді Роза Қажымғалиқызы Мұқанова.

Автор тарихи трагедияны сәтті алып шыққан театр ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сеебебі бір шығарманы сахнаға шығарып, халыққа ұсынау оңай шаруа емес.

«Тарихи тұлға, өз дәуірінің қаһарманы, Әбілқайыр ханның тек жары емес, серіктесі, қолына найза ұстап, бірге ат үстінде жүрген қазақтың батыр қызы, Нұрәлі, Ералы, Айшуақ хандардың анасы – Бәтимә. Осы Бопай ханымның бүгінгі және келешек ұрпаққа әдеби образын тарту еттік. Театр басшылығына, ұжымына қаламгер ретінде алғысымды айтамын. Бұл ауқымды жоба болғандықтан, оның шығыны да шаш етектен. Арнайы режиссер мен суретшілерді, костюмдерді тігуге шеберлерді шақырып, көп еңбек пен қажыр-қайрат жұмсалған көлемді жоба. Бұл шығарма Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнаған тартуы деп ойлаймын. Ол мереке қазақ үшін той. Бұдан артық, киелі той жоқ қазақ халқы үшін», - деді Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Роза Мұқанова.

Бопам ханым – Әбілқайыр ханның жары. Әбілқайыр хан үлкен тарихи тұлға, оны тарихшыларымыз да, жазушыларымыз да көп зерттеді. Заманның қызылтаяң кезеңінде өмір сүрген ханның ақылшысы, сүйеушісі болған, ақылгөй Бопай ханымдың даңқы күйеуімен қатар аталып келеді. Бұндай қазақ әйелінің бейнесі де сахнаға шыққаны өте жақсы болды.

«Бопай ханым» қойылымының режиссері Жұлдызбек Жұманбай Бопай ханым бұрын-соңды жасалмаған образ болғандықтан, оны көрерменге ұсыну оңай болмағанын айтты.

«Сценарийді оқып шыққаннан кейін, оны қою, көрерменге ұсыну оңай болған жоқ. Себебі, Бопай ханым бұрын соңды сахнағана шықпаған образ, кейіпкер. Тұңғыш рет қазақ театры сахнасында қойылғалы отыр. Бұған дейін Әбілқайырдың жанында жүрген жары ретінде көрініс тапқан болса, қойылымда саяси қайраткер ретінде ашылады. Әдебеиетке осындай үлкен тұлғаны алып келген Роза Мұқанова апамызға алғыс. Қазақ ұлтына керек дүние. Бопай ханымның саясаткерлігі, қайраткерлігі, ел басқарудағы кемеңгерлігі туралы қойылымнан көре аласыздар», - деді Жұлдызбек Жұманбай.

Қойылымға алпысқа жуық актер қатысқан. Бұл жаңа ғимартта театырымыздың, қазақ өнерінің жаңа шығармалары қойылып, жаңа образдары жасалып жатқаны қандай жақсы. Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына арналған қойылым өз көрерменін тапты. Зиялы қауым да жылы қабылдады.

Тәуелсіздіктің қадірін осындай тұлғалардың қадіріне жетіп барып, түсінсек керек

Байланысты жаналықтар

Үмітхан өкпелетіп, Мұңалбаева ренжіткендер енді не істейді?

27.09.2021

Тынымбай екеуімізге сыйлық беруге Алдан Смайыл қарсы болған

21.12.2020

Есенғали Раушанов: "Тоқаев Назарбаев емес"

20.07.2020
MalimBlocks
Үмітхан өкпелетіп, Мұңалбаева ренжіткендер енді не істейді?

Әлеуметтік желі Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаеваға қатысты базынаға толып кетті.

Тынымбай екеуімізге сыйлық беруге Алдан Смайыл қарсы болған

Есенғали Раушанов: "Тоқаев Назарбаев емес"