WBO Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық титулын қорғауға ордер берді

Арман Қайыпхан

  • 04.10.2024

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгінгі жекпе-жегінде WBO әлем чемпионы титулын қорғайтын болды, деп хабарлайды Malim.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. 

The ring басылымының хабарлауынша, Жәнібек жеңіске жетсе, екі чемпиондық атағын да сақтап қалады. Ал егер жеңіліс тапса Михайлович IBF титулын иеленіп, WBO белбеуі бос қалады. 

IBF ережелеріне сәйкес, екі боксшы бүгін екінші мәрте салмақ өлшеуден өтті. Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетіп, белгілеген лимиттен аспады. Ал Андрей- 169,2 фунт (76,7 кг) шықты. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жәнібек алғашқы салмақ өлшеуде 159,6 фунт (72,3 кг) болды, ал Андрей- 159,9 фунт (72,5 кг) шықты. 

Баспасөз мәслихатында Жәнібек қарсыласын жеңетініне сенімді екенін, Сиднейде еліміздің байрағын желбіреткісі келетінін айтқан еді. 

Айта кетейік, Жәнібек - Андрей жекпе-жегі No Limit Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Австралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді.

Боксшылар тек IBF әлем чемпионы титулын сарапқа салатын болған еді. 

Кәсіпқой бокс кешін қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады. Еске сала кетсек, екі боксшы арасындағы айқас 13 шілде күні Лас-Вегасте (АҚШ) өтуі тиіс еді. Алайда, отандасымыз салмақ қуу салдарынан есінен танып қалған болатын. 

Фото: No Limit Boxing

Байланысты жаналықтар

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

30.03.2025

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

28.03.2025

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

28.03.2025

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

27.03.2025

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті

26.03.2025

Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

25.03.2025
MalimBlocks
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті

Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы үстел теннисінен Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуымен құттықтады