Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жастар арасында әлем чемпионы атанған 6 боксшыға атақ берілді

Спорт
Жастар арасында әлем чемпионы атанған 6 боксшыға атақ берілді

Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген қазақстандық боксшыларға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы табысталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетейік, әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медальмен оралған болатын. Командалық есепте де біздің елдің құрамасы бірінші орын алды.

Ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Өнер Сейілхан жеңіс тұғырынан көрінсе, қыздардан Елянур Турганова мен Аружан Зейноллаева чемпион атанды.

Осы боксшыларға бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ХДСШ деген арнайы куәлік табыстады.

Сонымен қатар, әлем чемпионатында жүлдегер атанған өзге спортшыларға Спорт министрі мен Федерация президенті ерекше алғысын айтып, Алғыс хат берді.

Фото: ҚБФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу