Жастарды қолдау - рухани жаңғырудың басты шарты

  • 06.10.2021

Кез келген талапты жасты қолтығынан демеп, белгілі бір биікке жеткенше қолдау көрсетіп отыру үлкен сауапты іс. Ол ғана емес, оның жетіліп, жеткені өзі үшін, жеке адамның өмірі үшін маңызды болса, оның шығармашылығы ел үшін, ел руханияты үшін үлкен олжа. Бұл әсіресе, рухания жаңғыруды, ұлттық құндылықтарды, заманауи әлемдегі Қазақстанның мәдениетін көтеруді мақсат етіп отырған мемлекет үшін өте маңызды.

Осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігінде жас әдебиетшілерді қолдауға, шеберлігін шыңдап, қайратын жануға арналған арнайы бағдарлама басталды. Яғни, білікті қаламгерлер арнайы курс өткізеді. Бұл өз кезегінде жастарды тәрбиелеп қана қоймайды, буынаралық қарым-қатынасты да дамыта түседі.

«Мәдениет және спорт министрлігің ұйымдастыруымен жас жазушылар, ақындар, драматургтар мен сыншыларды қолдау, ынталандыру, олардың біліктілігін арттыруға арналған арнайы курстар басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы тапсырмасына сәйкес, шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді жүйелі түрде қолдау мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Курстың мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан- ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, жас жазушылар, ақындар, драматургтар, сыншылары үшін оқыту курстарын өткізу, жас әдебиетшілерге сапалы білім алу үшін жағдай жасау, жас дарындардың ақындық шеберлігін шынықтыру, олардың дамуы үшін жағдай жасап, жастардың интеллектуалдық өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын ұштау. Сонымен қатар қазіргі заманғы жазушылар, ақындар мен драмматург, сыншылардың шығармашылығын насихаттау»,  - делінген ведомство өкілдері таратқан ақпаратта.

Бесенеден белгілі, алғашқы қадамдар және алғашқы шығармалар жас қаламгерлердің балаңдығын көрсетіп алады. Көпшілігі осы бір алғашқы сәттегі қиындықтар мен сәтсіздіктерден кейін қаламын тастап кетіп те жатады. Бұл, әлбетте, қазақ әдебиеті үшін үлкен шығын болуы ғажап емес. Аталған жобының осы тұрғыдағы атқаратын ролі де өте ерекше болмақ. Яғни, өзінен үлкен, тәжірибелі қаламгерлердің ақыл-кеңесін тыңдап қана қоймай, солардан үлгі үйреніп, мотивация алу тұрғысында жастарға берілген үлкен мүмкіндік деп қарастыруға болады.  

Аталмыш жоба 35 жасқа дейінгі жазушылар, ақындар, драматург және сыншыларды қамтиды. 21 күн бойы онлайн форматта өтетін жобада бірнеше қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар дәріс оқиды. Ақын, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Несіпбек Айт пен Роза Мұқанова, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы - Тұрсын Жұртбай, айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты - Серікзат Дүйсенғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы - Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, филология ғылымының докторы, профессор -  Жанат Әскербекқызы, сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Амангелді Кеңшілікұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Қуаныш Жиенбай;айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, ақын, профессор Жанат Аймұхамбет және басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері кеңес айтатын болады.

Бұл жоба болашақта да жалғасын тауып, отандық қана емес, шетелдік қаламгерлердің курстарын ұйымдастырса құба құп болар еді деген де пікірлер айтылып жатты. Соған қарағанда, бұл рухани жобаның ғұмыры ұзақ болатын шығар. Ұйымдастырушылар әзірге бұл жобаның жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып отыратынын айтып жатыр.

Байланысты жаналықтар

30 мыңнан астам астаналық ашық аспан астында Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалады

27.07.2024

Қай ел олимпиада чемпионына қанша ақша береді?

26.07.2024

2024 жылғы Олимпиаданың ашылуын тікелей эфирде қашан және қайдан көруге болады

26.07.2024

Олимпиада ойындарында спортшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

26.07.2024

Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

26.07.2024

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда оңбай ұтылды

26.07.2024
MalimBlocks
30 мыңнан астам астаналық ашық аспан астында Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалады

Іс-шараның басты мақсаты – Олимпиада ойындарында ел атынан қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау білдіру.

Қай ел олимпиада чемпионына қанша ақша береді?

Қандай мемлекеттер олимпиада чемпионына қанша ақша береді? Кейбір елдің спортшылары дүбірлі додады жеңіс тұғырына көтеріліп, материалдық жағдайын да жасап алады. Чемпионға қомақты ақшалай сыйақы беретін мемлекеттер қатарында Қазақстан да бар.

2024 жылғы Олимпиаданың ашылуын тікелей эфирде қашан және қайдан көруге болады

Салтанатты рәсім бұрынғы Олимпиадалардан өзгерек болмақ.

Олимпиада ойындарында спортшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бүгін болады

Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда оңбай ұтылды

«Тобыл» клубы қарымта матчты 1 тамызда өткізеді.