«Зенит» Бахтиер Зайнутдиновті 25 млн еуроға сатып алады

Отандасымыздың «Бешикташта» ойнағанына бір жыл енді болады.

Сабина Асқарқызы

  • 13.06.2024

Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол клубы түркиялық «Бешикташ» командасына жартылай қорғаушылар Жедсон Фернандес пен Бахтиер Зайнутдинов үшін 30 миллион еуро ұсынды. Бұл туралы Depar Sports X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Трансфер сомасының 50 пайызы португалиялық «Бенфикаға» түсетіндіктен, Гедсон Фернандештің бағасы 5 миллион еуро, ал Бактиёр Зайнутдинов үшін 25 миллион еуро болатыны жазылған.

Өткен маусымда 26 жастағы Бахтиер Зайнутдинов барлық турнирлерде 42 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі еңбек келісімі 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 5 миллион еуроны құрайды.

25 жастағы Гедсон Фернандеш 2022 жылдың жазынан бері португалиялық «Бенфикадан» ауысқан соң түрік клубында ойнайды. Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Бешикташ» сапында барлық жарыстарда 45 матч өткізіп, үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Фернандестің клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жасалған. Футболшының нарықтық құны Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша 15 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Түркияның «Бешикташ» командасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. «Бешикташ» Зайнутдинов үшін Мәскеудің ЦСКА клубына 4,5 миллион еуро төледі.

Фото: instagram.com/bateka_11

Байланысты жаналықтар

Станислав Черчесов қазақстандық футболшылардың шетелдік клубтарда ойнауына атсалыспақ

06.06.2024
MalimBlocks
Станислав Черчесов қазақстандық футболшылардың шетелдік клубтарда ойнауына атсалыспақ

Бас бапкер Зайнутдиновті ресейлік футболшымен салыстырды.