freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО ауылдарын бұршақ басты: шатырлар бүлініп, егінге залал келді

Экология
СҚО ауылдарын бұршақ басты: шатырлар бүлініп, егінге залал келді
Фото: видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Шал ақын және Мамлют аудандарында бұршақ жауғаны туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Есіл ауданындағы Ясновка ауылында ірі бұршақ жауып, оның көлемі тауық жұмыртқасындай болған. Ал Явленка ауылында бұршақтың көлемі кішірек болғанымен, тұрғындардың мүлкіне және шаруашылығына зиян келтірген.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жауын-шашын шамамен жарты сағатқа созылған. Алғашқы 15 минутта қатты жаңбыр жауып, кейін бұршақ басталған. Дауылды жел соғып, гараж бен шаруашылық құрылыстарының бірінің шатыры зақымданған. Кей жерлерде қоршаулар да ұшып кеткен.

Бұршақтан жеке шаруашылықтардағы бақша дақылдары да зардап шеккен. Тұрғындардың сөзінше, қияр мен қызанақтың басым бөлігі бүлініп, өнімнің түгелге жуығы жойылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу