freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шығыс Қазақстанда семсерлесушілер сайысы өтіп жатыр

Спорт
Шығыс Қазақстанда семсерлесушілер сайысы өтіп жатыр
©ШҚО

Шығыс Қазақстанда Ер Жәнібек есімін ұлықтауға арналған XX республикалық семсерлесу турнирі өтіп жатыр.

Семсерлесушілер сайысы

Ашық турнирде юниорлар мен кадеттер өз шеберліктерін паш етуде. 2-8 мамыр аралығында болатын дода облыс орталығындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында ұйымдастырылған.

Жылдар бойы бұл турнир қалалық деңгейден республикалық деңгейдегі ірі спорт шарасына айналды. Биыл жарысқа еліміздің алты өңірінен 295 спортшы қатысуда, сондай-ақ Қырғызстан құрамасы да шақырылған.

Турнирдің өтуіне ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО Семсерлесу федерациясы мұрындық болды. Жарысты өткізу бастамасын Ер Жәнібектің ұрпақтары көтерген.

Қатысушылар юниорлар мен кадеттер арасында «рапира» және «шпага» жарыс түрлерінен сынға түсуде, жігіттер мен қыздар жеке-жеке бақ сынап жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жарыстың ашылу салтанатына қатысты.

Нұрымбет Сақтағанов

«Осындай турнирлер тек жаңа спортшылардың есімін әйгілеп қана қоймай, олардың бойына тәртіп, жауапкершілік және ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастырады. Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс үлкен жетістіктерге жол ашатын алғашқы қадам болады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу