20 қаңтар күні Шымкентте болған жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Василий Колесниковтың әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz. Sadaq.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, танымал бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол қайғылы оқиғадан бір күн бұрын марқұм болған әйелінің жылын өткізген.
«Ұлым жетіспей тұр. Бір жыл бұрын әйелімнен айрылып қалған едім, енді ұлым жоқ. Төрт ұлым бар, енді үшеуі қалды. Кішілерге айтпадым, көлік апатынан қаза тапты дедім. Ал шынында пышақтан, кісі қолынан қаза тапты. Орны ойсырап тұр»,– деді әкесі жүрегі қан жылап.
Әкесінің айтуынша, баласы тек отбасына ғана емес, көрші-көлемге де көмектесіп жүретін, спортты жанына серік еткен азамат болған. Василий тіпті ислам дінін қабылдап, мүмкіндігі шектеулі көрші балаға үнемі сыйлық жасап тұрады екен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті төрт ер адамды ұсталып, қамауға алынды.Тергеу амалдары жалғасып жатыр.