freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымшықов: Иран беске бөлінуі мүмкін

Қоғам
Шымшықов: Иран беске бөлінуі мүмкін
©malim.kz

Экономист Жангелді Шымшықов Ирандағы шиеленіс Қазақстанға айтарлықтай әсер ете қоймайды деп санайды. Сарапшының пайымынша, біздің ірі сауда серіктестеріміз қатарына іргеміздегі Ресей, Қытай секілді алпауыт мемлекеттер жатады.

Ал Иран небәрі 21-орында тұр. Демек, қиындық туындамайды. Сауда айналымы да бар-жоғы 400 миллион доллар көлемінде. Егер АҚШ-ты алсақ, әлдеқайда жоғары. Бірақ мұнай бағасының өсуі ел экономикасы үшін жақсы. Кірісі артады. Мәселен, қазірдің өзінде 85 долларға жетіп отыр. Дәл осылай жалғаса берсе, баррелі 150 долларға баруы мүмкін. Дегенмен, әліптің артын баққан жөн екен.
 
Сондай-ақ сарапшы Иран халқында бірлік жоқ екенін жеткізді. Оның пікірінше, қазір жергілікті елдің жартысы — әзербайжандар. Тіпті әзербайжандардың 2/3 бөлігі Иранның аумағында тұрып жатыр. Оның Тибриз деген астанасы да сол территорияда тұр.
 

Олар 1948 жылы Иранға қарсы көтеріліп, Сталинге хат жазып, 3 күн бойы әскерді тосып-тосып, ақыры Сталин бас тартқан екен. Өйткені, Ирандағы әзербайжан күшейіп кетсе, Кавказдағы әзербайжан күш алып кетеді деп қауіптенген, -

дейді Жангелді Шымшықов.

 Сарапшы Иран аймағындағы халықтарға назар аударып, белуджилерді мысалға келтіреді.

Ол кәдімгі баяғы көшпенді қазақ сияқты Ауғанстан, Пәкістан, Иранның оңтүстік жағын қоныстанып отырған халық екен. Олар шекараны мойындамайды. Көшіп-қонып жүреді. Одан кейін түркмендер бар. Олар да өздерінше үлкен диаспора. Арғы жағында армяндар да бар. Міне, көп ұлтты 92 миллион халық. Бірақ әрқайсы әр жаққа тартады -

дейді сарапшы.
 
 АҚШ билігі Иранның осы ахуалын пайдалануға тырысып отыр. Өйткені, бұл әдісті бұған дейін Ирактағы дағдарыс кезінде қолданған. Мысалы, Трамп алауыздықты пайдаланып, қаңтарда мәлімдеме жасады.

“Көтеріліңдер, билікті қолдарыңа алыңдар” - деді. Салдарынан көшеге шыққан 80 мың адам қаза тапқан. Қаншамасы қаза тапты. Яғни, бұл елді демократиялық мемлекет деп айта аламыз ба? Жоқ, әрине, —

дейді Жангелді Шымшықов. 
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу