freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Тоқтата алмаймыз»: Еңбек министрі шетелге жұмысқа кетіп жатқан қазақстандықтар туралы айтты

Қоғам
«Тоқтата алмаймыз»: Еңбек министрі шетелге жұмысқа кетіп жатқан қазақстандықтар туралы айтты
Ашық дереккөзден

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифингте шетелге жұмыс істеуге кетіп жатқан қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бұл тек Қазақстанға ғана тән емес, бүкіл әлемде бар үрдіс: жастар шетелге барып, тіл үйреніп, жұмыс істеп, тәжірибе жинап, кейін елге оралғысы келеді», – деді Ертаев.

Министрдің айтуынша, басқа елдермен салыстырғанда шетелге табыс табуға кететін қазақстандықтардың саны аса көп емес.

«Сыртқы істер министрлігінің дерегіне сәйкес, барлығы шамамен 150 мың адам. Олар жұмыс істеу үшін шетелге барады, біз бұл жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Олар шетелде еңбек етеді, бірақ кейін тәжірибесі мол маман ретінде Қазақстанға қайта оралады. Біз оларды тоқтата алмаймыз – бұл олардың құқығы. Егер барғысы келсе, бара алады. Виза мәселесі болмаса, кез келген елде жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Біздің міндет – олардың еңбек құқықтарын қорғау. Бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу