Ақын Аманхан Әлімұлы

1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқыды.

Malim Админ

  • 12.12.2024

Белгілі ақын, журналист Аманхан Әлімұлы  (1952-2020) 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған.

1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқыды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті.

Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Ай нұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы.Сондай-ақ, «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

Аманхан Әлімұлы жуырда ғана Журналистер Академисының толық мүшесі-академигі дипломы және төсбелгісімен марапатталған еді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 29 қарашадағы жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталған.

2020 жылы Алматыда дүниеден өтті.

Байланысты жаналықтар

Аманхан Әлімұлы. Олжас Сүлейменов кім?

10.12.2024

Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті

30.03.2020
MalimBlocks
Аманхан Әлімұлы. Олжас Сүлейменов кім?

Марқұм ақын Аманхан Әлімұлы өзінің публицистикасымен, өткір мақалаларымен қоғамдағы түрлі ой-пікірге дер уақытында үн қосатын. Ақынның мақалаларын бұдан кейін сайтымыздан оқи аласыздар.

Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті