Таласбек Әсемқұлов

Жазушы, күйші, кинодраматург, мәдениеттанушы Таласбек Әсемқұлов (1955-2014) 1955 жылы 1 тамызда Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген.

Аялдар Күнтуған

  • 16.11.2024

Жазушы, күйші, кинодраматург, мәдениеттанушы Таласбек Әсемқұлов (1955-2014) 1955 жылы 1 тамызда Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген. 1976-80 жылдары Алматыда Абай атындағы педагогикаинституты филология факультетінде қыған. 1980-83 жылдары Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері болды. 1984-87 жылдары Республикалық «Жазушы» баспасында әдеби редактор. 1987-98 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1998-2006 жылдары «Жұлдыз» әдебі журналы сын бөлімінің меңгерушісі. Проза, сценарий жазу өнерімен пединститутта оқып жүрген студент кезінен айналысқан. Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген. «Көкбалақтың өлімі», «Біржан сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондай-ақ республикалық баспасөзде қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет, мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген. 1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сарын» антологиясына 20-дан, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологиясына 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан.

Қайтыс болған соң Таласбек Әсемқұловтың 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жазушының сценарийі бойынша «Біржан сал», «Құнанбай» фильмдері түсірілді. 20114 жылы Алматыда қайтыс болды.

Байланысты жаналықтар

Дидар Амантай. Қызыл іңір

17.02.2025

Таласбек Әсемқұлов. Боз бетеге, сұр соқпақ...

12.12.2024

Таласбек Әсемқұлов. Сүгірдің әулеті (ІІ)

11.12.2024

Таласбек Әсемқұлов. Күйші Жанғали

10.12.2024

Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну (жалғасы)

07.12.2024

Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну

07.12.2024
MalimBlocks
Дидар Амантай. Қызыл іңір

Таласбек Әсемқұлов. Боз бетеге, сұр соқпақ...

Таласбек Әсемқұловтың таңдаулы мақалаларын ұсынамыз.

Таласбек Әсемқұлов. Сүгірдің әулеті (ІІ)

Таласбек Әсемқұловтың мақалалары

Таласбек Әсемқұлов. Күйші Жанғали

Таласбек Әсемқұловтың мақалалары.

Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну (жалғасы)

Таласбек Әсемқұловтың таңдаулы мақалалары

Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну