Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

Сұқбат
Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

13 жыл төрт айға сотталып кеткен Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың Ұлыбританиядағы Ірі көлемдегі алаяқтықпен күрес бюросы (Serious Fraud Office, SFO) 20 миллион фунтқа бағаланған үш жылжымайтын мүлкін тәркіледі, - деп өзбек басылымдары жазуда.

«Гүлнара Исламқызы бұл мүліктерді Өзбекстандағы коррупциялық әрекетінен түскен қаражатқа сатып алған. 2004-2012 жыл аралығында Өзбекстан нарығына кіруді қалаған телекоммуникациялық компанияларға көмек беріп, сол үшін 100 миллиондаған доллар пара алған» деп жазылған мекеме мәліметінде.

SFO 2018 жылы Каримованың Британиядағы активтерін, оның ішінде аталған үш мүлкін тәркілеу үшін сотқа берген. 8 тамызда Ұлыбританияның жоғарғы соты бұл өтінішін қанағаттандырған.

Гүлнара Каримова 2019 жылдың жазынан бері Өзбекстандағы әйелдер абақтысында отыр. Оның Швейцария, Франция, АҚШ және басқа елдердегі активтерінің жалпы сомасы 1,4 миллиард долларға бағаланады. Өзбекстан билігі олардың ең болмағанда бір бөлігін қайтаруға әрекеттенуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу