Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үсік жүреді: Үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай

Экология
Үсік жүреді: Үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

«Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанып отыр.

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында 3 градусқа дейін, 22 сәуірде Қарағанды облысында 1 градусқа дейін, 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-8 аязға дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында 1-3 градусқа дейін аяз күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу