Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вьетнамға жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым - Тоқаев

Саясат
Вьетнамға жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым - Тоқаев

Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

Құрметті То Лам мырза, еліміздің астанасына қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыздың тарихи маңызы зор және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ықпалдастықты кең ауқымда дамытуға тың серпін береді деп санаймын. Сіздің еліңізге жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым. Вьетнаммен түрлі бағыттағы байланысты жан-жақты нығайту тұрғысынан жұмысты жалғастыру қажет деген ойға келдім. Екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мол.

Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам:

Қадірлі Президент мырза, Сізге және Қазақстан халқына шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Ұшақ трапынан қарсы алғаныңыз – біз үшін зор мәртебе. Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу