freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

WBO Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық атақтан айырмау себебін айтты

Спорт
WBO Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық атақтан айырмау себебін айтты
Top Rank

Америкалық сарапшы Бернардо Пилатти Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлын неліктен чемпиондық атағынан айырмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

Пилаттидің пікірінше, мұның астарында қаржы мәселесі жатыр.

«WBO коммерциялық емес ұйым. Дегенмен олар да өзге бокс ұйымдары сияқты чемпиондардан санкциялық жарна жинап отыруы керек. Әйтпесе ұйым өмір сүре алмайды. Бұл - қалыпты жағдай. Бірақ мұны жасырмай, өздері ашық айтуы керек еді деп ойлаймын. «Біз табыс табу үшін жұмыс істейміз» деп нақты мәлімдесе, ешкім айыптамайды ғой. Бәріне ақша қажет. Сондықтан WBO үшін Әлімханұлының чемпион болып қалғаны маңызды», - деді Пилатти.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта IBF тұжырымы бойынша да әлем чемпионы. Дегенмен Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бұл мәселеге қатысты әзірге ресми шешімін жариялаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу