freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хайп үшін табиғатты бүлдіргендер 3 жылға дейін сотталуы мүмкін

Экология
Хайп үшін табиғатты бүлдіргендер 3 жылға дейін сотталуы мүмкін
ЖИ көмегімен жасалды

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде танымал болу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары көбейіп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени-тарихи нысандарға жазу жазу, оларды зақымдау заң бұзушылық болып саналады. Мұндай әрекеттер елдің табиғи және мәдени мұрасына айтарлықтай зиян келтіреді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргендерге 100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мамандар табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау әр азаматтың міндеті екенін ескертеді. Вандализмнің кез келген түрі заң аясында қатаң жазаланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу