freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде жүлдегер атанды

Спорт
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде жүлдегер атанды
ҰОК

Қазақстан үстел теннисінен Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

U13 жас санатында Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды. Жарыс барысында қазақстандық спортшы Фаннапат Чингсоньоенді (Таиланд) 3:0, Чен Этельді (Сингапур) 3:0, Мао Хлоуды (Сингапур) 3:0 және Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады. Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу