Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жар таңдаудан қателеспеңіздер... Мен қателестім": Мөлдір Мұқанова жеке өмірі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Шоу-бизнес
"Жар таңдаудан қателеспеңіздер... Мен қателестім": Мөлдір Мұқанова жеке өмірі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әнші әрі режиссер Мөлдір Мұқанова "Ozimiz goi" бағдарламасына қатысып, өмірлік таңдауларға қатысты шынайы ойын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдарлама барысында ол әзілге сүйене отырып, терең мағынасы бар өкінішін жасырмады.

"Өмірде мамандық таңдаудан гөрі, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Мен қателестім", – деді ол күлімсірей отырып.

Мөлдірдің бұл сөзі көрермендерді бейжай қалдырмады. Әлеуметтік желіде қолданушылар әншінің ашықтығы мен батылдығын жоғары бағалап, оған қолдау білдірді.

Көпшілік пікірінде "Бәрі өткінші", "Әлі алда бақыт бар", "Сен мықтысың" деген жылы лебіздер жиі жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын растаған еді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеген. Оның айтуынша, екеуінің отбасылық өмірі шамамен 14 жыл бойы үнсіздік пен үмітке толы кезеңдерден тұрған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу