freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі тағы көтерілуі мүмкін

Қоғам
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі тағы көтерілуі мүмкін
Gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктілік шегін көтеру мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Біз жеткіліктілік шегін болжамды инфляция деңгейіне сәйкес көтеруді ұсындық. Тиісті қаулы жобасын жолдадық, қазір мемлекеттік органдардан ұсыныстар күтіп отырмыз, содан кейін оны толық келісуге жібереміз. Жалпы, біз бұл өзгерістерді жақын уақытта қабылдаймыз деп ойлаймыз. Бәлкім келесі айда жеткіліктілік шегін көтеру қажет болады. Бұл – біздің ұстанымымыз», – деді Ертаев.

Министр сөзін жалғай отырып, мұндай шешімнің себебін түсіндіріп өтті.

«Әр азамат зейнет жасына жеткенде лайықты зейнетақы алуы тиіс деп есептейміз. Соңғы бес жылда 5 трлн теңге алынған. Оның ішінде несиеге, емделуге жұмсалғаны бар, оны түсінемін, бірақ болашақты да ойлау керек. Яғни зейнетақы ең төмен деңгейде болып қалмай, лайықты болуы үшін жинақтарды жұмсамауымыз керек», – деді министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу