Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт 4 адамды құтқарып қалды

Қоғам
Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт 4 адамды құтқарып қалды

Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт ағзасын беріп, бірнеше адамды құтқарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донорлық ағзаларды ұзақ уақыт күткен төрт пациентке трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жасады. Қайтыс болғаннан кейінгі донор жол апатынан алған жарақаттарынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт еді. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берген.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы (ТЖТМҚҮРО) донорлық және трансплантаттау процесін жедел ұйымдастыруды жүзеге асырды. Көп ағзалық алу барысында бауыр, жүрек және екі бүйрек алынды. 25 шілдеде мамандар ағзаларды трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жүргізді", - делінген хабарламада.

Ең алдымен Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған пациент жаңа жүрекке ие болды, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған пациентке бауыр трансплантатталды. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациентке бүйрек трансплантатталды, University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантатталды.

Фото: МӘМС

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу