freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Экология
4 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: unslpash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4 сәуір, сенбіге арналған ауа райының жалпы болжамвн бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Метеорологтар таратқан хабарламаға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің көп бөлігінде қолайсыз ауа райы белең алады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей тұста қатты жауын-шашын болады, бұршақ түседі және дауыл тұрады.

Әсіресе, еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады. 

Сондай-ақ, шығыста кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталатыны да нақтыланады.

Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, желдің екпін алуы жатқызылады, ал солтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін, - "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қызылорда облысының шығысында, батысында, солтүстігінде, Түркістан өңірінің орталығында, солтүстік-батысында, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу