Абай. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар...
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу – маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас, бұл сөзді біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Ең көп оқылған
Кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер сыйлады
Политика
|
11.09.2025 22:44
2025-09-11 22:44:00
Ресей әскерлері қоршауға алынып жатыр. Бұл соғыстың тағдыршешті сәті болуы мүмкін.
Политика
|
17.09.2025 18:56
2025-09-17 18:56:00
Мас күйінде тәртіп бұзды деп айыпталған прокурор ақталып шықты
Политика
|
12.09.2025 12:45
2025-09-12 12:45:00
Әкесін сабаған ұлының әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Политика
|
12.09.2025 11:55
2025-09-12 11:55:00
Ерекше рейд: Полиция трассадағы жүргізушілерді ұйықтауға мәжбүрлеген
Политика
|
14.09.2025 14:09
2025-09-14 14:09:00
Қуат Хамитов: Депутаттар елдің мәселесін шешуі керек, құттықтайтын уақыт емес
Политика
|
11.09.2025 20:27
2025-09-11 20:27:00
"Сабыр сақтаңыздар": Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Политика
|
12.09.2025 20:55
2025-09-12 20:55:00