freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Африкада Эбола вирусының таралу қаупі күшейді

Әлем
Африкада Эбола вирусының таралу қаупі күшейді
DW

Африка құрлығында Эбола вирусына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ең ауыр ахуал Конго Демократиялық Республикасында байқалып отыр. Ел билігі вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санының артқанын хабарлады.

Африка одағының денсаулық сақтау құрылымдары Эбола індетінің өңірдегі кемінде он мемлекетке таралу қаупі бар екенін ескертті.

Ресми мәліметке сәйкес, Конгоның шығыс өңірінде Эбола вирусын жұқтырды деген күдікпен 867 жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар саны 204 адамға жеткен.

Мамандардың бағалауынша, індеттің көрші елдерге таралу қаупі жоғары. Қауіп аймағында Оңтүстік Судан, Руанда, Кения, Танзания, Эфиопия, Бурунди, Ангола, Орталық Африка Республикасы және Замбия бар.

Денсаулық сақтау саласының өкілдері қазіргі жағдай Эболаның сирек кездесетін Бундибугио штамымен байланысты екенін мәлімдеді. Бұл вирус түрі алғаш рет 2007 жылы анықталған. Қазіргі уақытқа дейін аталған штамға қарсы ресми түрде бекітілген вакцина немесе арнайы емдеу әдісі жоқ.

Мамандардың айтуынша, бұл штамды жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші 30–50 пайыз аралығында болуы мүмкін.

Сарапшылар Эбола вирусының таралу механизмі коронавирус инфекциясынан өзгеше екенін атап өтеді. Вирус ауа арқылы жылдам таралмайды. Жұқтыру қаупі негізінен науқастың қаны немесе басқа да биологиялық сұйықтықтарымен тікелей байланыс кезінде жоғары болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу