freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлем кубогы: Назым Қызайбай жаңа салмақта сәтті дебют жасады

Спорт
Әлем кубогы: Назым Қызайбай жаңа салмақта сәтті дебют жасады
ҰОК

Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келідегі Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде Түркия өкілі Айсен Таскинмен жолығып, 4:1 есебімен басым түсті. Енді отандасымыз 22 сәуір күні 1/8 финалда Польша спортшысы Виктория Биата Рогалинскамен жұдырықтасады.

Өкінішке қарай, Жансері Көшербаев пен Дәулет Төлемісов жарысты аяқтады. Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері, 60 келіде өз мүмкіндігін алған Жансері Көшербаев Ирландия боксшысы Джуд Галлахермен кездескен еді. 3 раунд бойы қос боксшы шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, жоғары қарқында жұдырықтасты. Нәтижесінде соққылар алмасу барысында дәлдік танытқан Джуд Галлахер төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал Дәулет Төлемісов бірінші айналымда жарысты тоқтатты Әлем кубогының жеңімпазы, 90 келіге көтерілген Дәулет Төлемісов 1/8 финалда осы салмақтағы басты фаворит, әлем чемпионатының финалисі Фильо Исайаспен жолықты. Отандасымыз бірінші нөмірде жұдырықтасып, басымдықты алуға тырысса да, қарсылас қарымта шабуылда жылдам әрі дәл соққыларымен жеңісті өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 0:5.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу