Маймыл шешегінен 524 адам көз жұмды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық төтенше жағдай жариялады

Malim Админ

  • 15.08.2024

Африкада кең таралған, әсіресе Конго Республикасында әсерін күшейткен маймыл шешек вирусына байланысты жаһандық төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімеді. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисуске ДДҰ Төтенше комитеті M-pox вирусына қарсы төтенше жағдай орнатуға кеңес бергені және ол ұсынысты бірден қабылдағаны атап өтілді.

Директор Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет отырысының қорытындысы бойынша Африкада және басқа аймақтарда маймыл шешегінің одан әрі халықаралық деңгейде таралу әлеуетіне баға берді. Оның айтуынша, Конго Демократиялық Республикасында M-pox вирусын жұқтыру жағдайлары 10 жылдан астам уақыт бойы тіркеліп, жылдан жылға көбейіп келеді.

– Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген аурулардың саны айтарлықтай өсті. Науқастардың саны 14 мыңнан асады. Ауруға байланысты 524 өлім дерегі анықталды, – делінген ДДҰ хабарламасында.

Негізінен денеде вирус тудырған бөртпелерге қол тигізу, осы бөртпелермен ластанған киімдерді, төсек-орындарды, сүлгілерді және сол сияқтыларды пайдалану аурудың таралуына себеп болады.

Вирустың алғашқы белгілері 5-21 күнде пайда болады. Маймыл шешек әдетте жоғары температураны, бас ауруын, арқа мен бұлшықеттердің ауырсынуын, лимфа түйіндерінің ісінуін, шаршауды, қалтырауды және сушешек тәрізді тері бөртпелерін тудырады. Арнайы емі жоқ, бірақ ауру вирусқа қарсы препараттармен емделеді. Көп жағдайда ауру жеңіл өтеді және науқастар бірнеше апта ішінде қалпына келеді. ДДҰ 2022 жылы маймыл шешегінің атауын M-pox деп өзгертті.

Фото: mdc.rxprussia.com 

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды

08.11.2024

Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

23.10.2024

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

18.10.2024

Астанада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланып қалды

15.10.2024

Сахараны су басып жатыр

10.10.2024

«Марбург Қазақстанда жоқ». Бас санитар қауіпті вирустың елімізде тіркелмегенін айтты

10.10.2024
MalimBlocks
Қостанай облысында жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды

Науқас шұғыл түрде санавиациямен Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген болатын

Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

Жаңа штамм бұрынғысына қарағанда аса жұқпалы болып саналады

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

Бұл соңғы бір апатадағы дерек

Астанада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланып қалды

Түтіннен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

Сахараны су басып жатыр

Табиғаттың тосын мінезінен Алжир мен Мароккода 20 адам көз жұмған

«Марбург Қазақстанда жоқ». Бас санитар қауіпті вирустың елімізде тіркелмегенін айтты

Дегенмен елге сырттан кіру жолдары бойынша ескертіп жатыр